Now Reading
Ғибрат Ауғанов: «Самұрық-Қазына компанияларында мүгедектігі бар 2 582 адам жұмыс істейді екен»
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ғибрат Ауғанов: «Самұрық-Қазына компанияларында мүгедектігі бар 2 582 адам жұмыс істейді екен»

Ғибрат Ауғанов: «Самұрық-Қазына компанияларында мүгедектігі бар 2 582 адам жұмыс істейді екен»

Бүгін «Самұрық-Қазынаның» 8 айда атқарған жұмысы туралы брифингі өтті.

Соның ішіндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты айтылған мәлімдемемен Самұрық-Қазына  қорының  басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов  бөлісті:» Жалпы Қордың компанияларында мүгедектігі бар 2 582 адам жұмыс істейді екен. Демек ұйым мұндай жандарға, ең алдымен, жұмыс істеп, ақша табуға, мансаптық өсуге мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды қадам. Сондай-ақ, оларға түрлі жеңілдіктер беріледі дейді қордың басқарушысы.

Айтуынша, ерекше қажеттілігі бар қызметкерлерге қысқартылған жұмыс күндері, бірінші және екінші топ мүгедектеріне қосымша еңбек демалысы беріледі.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл керемет қолдау болатыны сөзсіз. Қорға қарайтын компанияларда да түрлі жеңілдіктер қарастырылған екен.

Мысалы, кейбір компанияларда сауықтыру орталықтарына жолдамалардың 50 пайызы төленіп, автокөлік сатып алуға 10 жылға дейін қаражат беріледі. Бұл да тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Тіпті көлік жөндеуге, жанармайға да ақша бөлу қарастырылған. Ақшалай жәрдемақылар да беріліп отырады екен. Бұл бағытта Қор жақсы жұмыстар атқарып жатыр.

«Бұның барлығы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс істеуіне, қоғамда өз орнын тауып, мансаптық өсуіне, өмірге деген құлшынысын арттыруға жақсы ықпал етеді деп ойлаймын»- Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...