Now Reading
Болашақ» қоры ерекше балаларды оқытуға арналған қазақ тіліндегі нұсқаулық таныстырылымын өткізді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Болашақ» қоры ерекше балаларды оқытуға арналған қазақ тіліндегі нұсқаулық таныстырылымын өткізді

Болашақ» қоры ерекше балаларды оқытуға арналған қазақ тіліндегі нұсқаулық таныстырылымын өткізді

Қазақ тілі ABLLS-R. ABLLS-R (Assessment of Basic Language and Learning Skills – Revised) аутизмі және дамуындағы басқа да бұзылыстары бар балалардың дағдыларының дамуын бағалауға арналған құралдың он екінші аударма тілі болды.

Қазақ тіліндегі ABLLS-R жұмысының тұсаукесері мен тренингіне Қазақстанның әр өңірінен 120-дан астам маман жиналды.

«Болашақ» корпоративтік қоры аутизмі бар және дамуында басқа да кемістігі бар балалардың негізгі сөйлеу және оқу дағдыларын бағалау құралын ағылшын тілінен мемлекеттік тілге аударды.

Қазақ тілі ABLLS-R аударылған 12-ші тіл болды. Аударма жұмыстары екі жылдан астам уақытты алды.

Редактор-аудармашы Жазира Ескендірова жұмыс барысында қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді.

«Қиындығы қазақ тілінде бұрын қолданылмаған терминдердің кездескені болды. Бірақ біз дефектологияда қолданылатын жалпы қабылданған терминдерді қолдануға тырыстық. Мысалы «генерализация» термині. Бұл баланың әр түрлі ортада: үйде, қоғамда және т.б. қолдана білуі керек дағдысы», — деп түсіндірді кітап редакторы Жазира Ескендірова.

2021 жылы қор Ю.Ерц пен О.Мелешкевичтің «Ерекше балалар. Қолданбалы мінез-құлық талдауына кіріспе» кітабын қазақ тіліне аударды. Бұл қолданбалы талдау бойынша қазақ тіліне аударылған тұңғыш кітап болды.

«Кәсіби әдебиеттерді аударудың арқасында біз қазақ тілді мамандарға ең озық үйлестіру әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береміз, сол арқылы ерекше балалармен жұмыс істеудің тиімділігін арттырамыз. Бүгін біз кітаптың тұсауын кесіп қана қоймаймыз, сонымен қатар Қазақстан бойынша барлық мамандарды ABLLS-R бағалау құралымен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігі бойынша дайындап жатырмыз. Өйткені біз үшін білім беру жүйесінде де, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде де ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру өте маңызды», — деп атап өтті «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан.

Сонымен қатар қор ассистенттерге арналған мінез-құлықты қолданбалы талдау (ABA терапия) негіздерін оқыту бойынша оқыту курсын әзірледі.

«Бүгінгі күні біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Орталық Азия елдерінен 3 мыңнан астам маман дайындадық», — деп атап өтті Динара Гаплан.

Техниканың тұсаукесеріне атыраулық ерекше баланың анасы Гүлбарам Ермұханова елордаға арнайы келді.

«Ұлым жеті жаста болғанда мен Атырауда ерекше балаларға арналған орталық аштым. Ол кезде қаламызда мұндай орталықтар іс жүзінде жоқ еді. Баланы әр жерге апарып, әртүрлі мамандарға апаруға тура келді. Сондықтан мен ерекше балалары бар аналардың басын біріктіріп, жан-жақты көмек көрсетілетін инклюзивті бағытта орталық ашуды шештім. Мен бүгін арнайы келдім, өйткені біз үшін ерекше балалармен жұмыс жасауда жаңа білім алу өте маңызды», — деді Гүлбарам Ермұханова.

Шымкенттік дефектолог Балзия Тұрғанбай да ерекше балалармен жұмыс жасаудағы жетістіктерімен бөлісті.

«Мен Шымкентте «Қамқорлық» ерекше балаларға көмек көрсету орталығында жұмыс істеймін. Бізге бала келгенде жеке даму бағдарламасын жасаймыз, соған сәйкес жұмыс істейміз. Көбіне бізге орысша немесе ағылшынша әдістеме бойынша жұмыс істеуге тура келді.Енді қазақ тіліндегі әдістемені қолданып жұмыс істеуге мүмкіндік туды, бұл әрине жұмысымызды жақсартады және жеңілдетеді», — деп бөлісті Балзия Тұрғанбай.

ABLLS-R аутизмі және басқа психикалық бұзылыстары бар балалардың дағдыларының дамуын бағалауға және бақылауға арналған жүйе.

Нұсқаулық арнайы балалардың ата-аналары мен мамандарына балаға басқалармен тиімді қарым-қатынас жасау және күнделікті өмірде үйрену үшін қандай дағдылар қажет екенін түсінуге көмектесу үшін жасалған. Нұсқаулықтың авторы Джеймс Партингтон, PhD, BCBA-D, АҚШ лицензиясы бар психолог.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×