Now Reading
Өскеменде ерекше балаларға арналған ойын алаңы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Өскеменде ерекше балаларға арналған ойын алаңы ашылды

Өскеменде ерекше балаларға арналған ойын алаңы ашылды

Өскеменде аутизммен ауыратын балаларға арналған алғашқы спорт және ойын алаңы ашылды.

Бұрын Түзеу және оңалту орталығының жас емделушілері тек ғимарат ішінде ғана дене шынықтырумен айналысатын болса, енді олар ашық ауада көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік алды. Олар үшін әрбір ұсақ-түйек ойластырылған: арнайы жабын төсеп, ең қауіпсіз турниктерді, әткеншектерді, сырғанақтарды және тренажерлердің 4 түрін орнатқан. Аталмыш ойын алаңын дамытуға еліміздегі қайырымдылық қорларының бірі 20 миллион теңге бөлген. Ал жергілікті билік жер телімін рәсімдеуге көмектескен. Бүгңнде орталықта барлығы 135 бала білім алуда.

Лилия Мамбурова, Түзеу және оңалту орталығының жетекшісі:

-Бұл алаңның ерекшелігі неде? Алаң аутизм спектрі бұзылған балалардың барлық ерекшеліктерін ескере отырып арнайы жабдықталған. Мұнда көптеген түрлі тренажерлер, вестибулярлық аппаратты дамытуға арналған әртүрлі шағын архитектуралық формалар бар. Көптеген тактильді жабындар орнатылған.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...