Now Reading
Астанада Қостанай және Ақтөбе облыстары фермерлерінің жәрмеңкесі өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада Қостанай және Ақтөбе облыстары фермерлерінің жәрмеңкесі өтеді

Астанада Қостанай және Ақтөбе облыстары фермерлерінің жәрмеңкесі өтеді

Астанада 30 қыркүйек пен 1 қазанда өтетін жәрмеңкеге Қостанай және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін әкеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке дәстүрлі түрде Тәуелсіздік даңғылындағы ҚазҰУИ алдындағы алаңда өтеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін Қостанай облысының 14 ауданы мен 3 қаласынан: Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Науырызым, Сарыкөл, Таранов және Ұзынкөл аудандарының, Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларының 50-ден астам кәсіпорындары ұсынады.

Өңірлік кәсіпорындар 400 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін өткізуді жоспарлап отыр: мал етінің барлығы 51 тонна, сүт өнімдері – 35, шұжық және ет өнімдері – 23, жарма және макарон өнімдері – 30, картоп пен көкөніс — 70, ұн — 50, сондай-ақ наубайхана, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және т.б болмақ.

Жәрмеңкеге брендтері республикаға және одан тысқары жерлерге танымал сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар қатысады.

Сонымен қатар жәрмеңкеге Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындар қатысады.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады: 80 тонна барлық түрдегі ет, 61 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна сүт өнімдері, 17 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, бір тонна бал, 10 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна ұн және макарон өнімдері.

Барлық өнімдер орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×