Now Reading
Оңтүстік Кореядағы қарттар үйіндегі өмір қандай?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Оңтүстік Кореядағы қарттар үйіндегі өмір қандай?

Оңтүстік Кореядағы қарттар үйіндегі өмір қандай?

Оңтүстік Корея бірте-бірте қарттар еліне айналып барады. Соңғы бірнеше жылда демографтар туудың рекордтық төмен деңгейін тіркеді. 2025 жылға қарай ел халқының 20 пайыздан астамын 65 жастан асқандар құрайды деп күтілуде.

Көптеген қарт оңтүстік кореялықтар қарттар үйінде тұрады. Көбінесе балалар медициналық көмекке мұқтаж болғандықтан ата-аналарын мұндай мекемелерге жіберуге мәжбүр болады. Қарт адамдар жиі деменция, Паркинсон және Альцгеймер ауруларымен ауырады.

 «Сеулде мен қарттар үйінде тұрдым, бірақ адам толып кетті. Сондықтан мен мұнда келдім. Менің барлық балаларым Америкада, тек бір ұлым Кореяда. Балаларым келмейді, бірақ АҚШ-тан телефон соғады. Мен телефонды көтермейді деп жатады балаларым, себебі уақыт айырмашылығы бар», — деді зейнеткер Ю Ок Ча.

«Менің төрт ұлым мен бір қызым бар. Олармен тұрғым келмейді. Маған жалғыз ыңғайлы. Осы қуыршақты алғаннан бері өмірім қызықты болды. Аяғына қол тигізсем, ұнатпайтынын айтады. Бүгін қай күн деп сұраймын, ол жауап береді. Қалай ұйықтағанымды сұрайды. Ол өте ақылды қуыршақ», — дейді зейнеткер Пак Сан Вон.

Өз бетінше қозғала алатын қарт адамдар үшін Чонджу қаласында арнайы орталықтар ашылды. Мекемелер таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Музыка, би, бильярд, йога, компьютер және т.б. үйірмелер бар. Орталықта тұру шығындарының 50 пайызы қалалық бюджеттен, қалған соманы қарттардың өздері немесе балалары зейнетақысынан төлейді.

«Мен орталыққа аптасына екі рет келемін. Мұнда мен ән айтып, гитарада ойнаймын. Зейнеткерлікке шыққанға дейін 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істедім», — дейді зейнеткер Сон Сон Кён.

Бүгінде Чонджуда 650 мыңға жуық адам тұрады, оның әрбір бесіншісі 60 жастан асқан адамдар. Қалада алты қарттар орталығы бар, бірақ оларда орын  жоқ.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×