Now Reading
Еңбек министрлігі 2023 жылдан бастап жәрдемақы мен төлемдердің қалай өзгеретінін айтты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Еңбек министрлігі 2023 жылдан бастап жәрдемақы мен төлемдердің қалай өзгеретінін айтты

Еңбек министрлігі 2023 жылдан бастап жәрдемақы мен төлемдердің қалай өзгеретінін айтты

1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, оның барысында бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін ұлғайту туралы мәлімдеді.

 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері ұлғайтылады. Ана мен баланы қолдаудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделетін болады.

 

Еңбек министрлігі Әлеуметтік кодекс жобасында қолданыстағы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер толық сақталғанын атап өтті.

 

Құжатта балалы отбасыларды мемлекеттік деңгейде әлеуметтік қолдауды жақсартатын нормалар қарастырылған.

 

Біріншіден, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-нан бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылатын болады.

 

МӘСҚ-нан төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталатын болады. Жұмыс берушілердің МӘСҚ-дағы олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар ставкасының мөлшері өзгеріссіз қалады.

 

Екіншіден, бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.

 

Үшіншіден, әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін марапатталған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері сараланатын болады.

 

«Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған адамдар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғаяды. Бүгінгі таңда 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей жәрдемақы алады.

 

Бұл ретте, басқармада атап өткендей, 6 немесе 7-ден астам бала туып, тәрбиелеген көп балалы аналарға құрмет ретінде марапатталған аналар мәртебесі белгіленетін болады.

 

Төртіншіден, мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке көмекшілерге зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне қосу мақсатында 2023 жылдан бастап зейнетақы жарналары енгізіледі.

 

Бесіншіден, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беру мақсатында АӘК алушылар қатарындағы балаларға қосымша төлем белгілеу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті монетизациялау жүзеге асырылатын болады.

 

Еңбек министрлігінде бүгінгі күні Қазақстанда балалы отбасыларды қолдаудың кешенді моделі құрылғанын еске салды, оған мемлекеттік жәрдемақылар, МӘСҚ-нан төленетін әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар, салық салу кезіндегі жеңілдіктер және азаматтар өмірінің барлық кезеңдерінде әлеуметтік қорғаудың басқа да шаралары жүйесі кіреді.

 

Отбасын әлеуметтік қолдау жүйесі әр түрлі өмірлік жағдайларды қарастырады және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала туғанда берілетін жәрдемақыны, мемлекеттік бюджеттен жұмыс істемейтін әйелдерге және жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа толғанға дейін бала күтімін қамтиды. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан көп балалы және марапатталған аналарға жәрдемақы төленедi, олар отбасының табысы есепке алынбай төленедi.

 

Сондай-ақ, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімімен айналысатын әйелдерге орташа айлық табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×