Now Reading
Астанада Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Астанада Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Концерт елорда әкімдігі мен «City Active ұзақ өмір сүру орталығының» қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – қарт адамдарға қатысты мәселелерге қоғамның назарын аудару және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету.

«Қала әкімдігінің қолдауы екі жыл бұрын елордада 10 мыңнан астам зейнеткер баратын Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашуға мүмкіндік берді. Бүгінде аға буын – қаланың көркеюіне үлкен үлес қосқан жандар.

Қалалық ардагерлер кеңесі жас қазақстандықтарға үлгі бола алатын тұлғаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырды», — деді «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының директоры Мұхтар Еркетаев.

Мемлекеттік академиялық филармония оркестрінің сүйемелдеуімен сахнада 4 халық хоры өнер көрсетті.

Сондай-ақ, мерекелік кеш аясында ұйымдастырушылар картиналар мен ұлттық киімдер көрмесін ұсынды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...