Қостанайда алдағы Республика күні мерекесіне орай кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті.
Көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар «Қонай» шағын ауданында жаңа тұрғындар атанды. Биыл облыс орталығында барлығы 33 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Көп балалы ана Елена Диденко бұл қоныс тойын асыға күткен. Бұған дейін төрт баламен ата-анаммен бірге тұруға тура келді. «Қонай» шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттерінің табыс етілуі 45 жаңа отбасы үшін шын мәнінде қуанышты әрі көптен күткен оқиға болды.
Елена Диденко, Қостанай қаласының тұрғыны:
-Кезегімізді күттік. Өте бақыттымыз. Менің балаларым бар:үлкенім 19 жаста, қызы 13 жаста, тағы бір ұлым 15 жаста, кішісі 6 жаста. Аудан әдемі болады деп үміттенеміз. Мектеп дерлік дайын, ол да өте әдемі. Тек бұл жерде автобустар жетіспейді. Тағы да көптеп іске қосылады деп сенеміз.
«Қонай» шағын ауданындағы жаңа үй қазірдің өзінде бейнебақылау және домофондармен жабдықталған. Кіре берістер ерекше қажеттіліктері бар адамдарға лайықталып, балалар және спорт алаңдары орнатылды.
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың айтуынша, алдағы уақытта шағын аудан 400 гектарға жайылады. Пайдалануға берілген үйлердің барлығы абаттандырылып, жасыл желектермен, газбен, жолдармен қамтамасыз етіледі.
Марат Жүндібаев, Қостанай қаласының әкімі:
— Биылғы жылдың ішінде 370 жаңа тұрғын пәтер алады. Төрт жалдамалы үй – 370 пәтер. Оның ішінде 200-ге жуық пәтер көп балалы аналар мен жетім балаларға арналған. Бұл біз үшін үлкен оқиға.
Уақыт өте келе Қонайдың толыққанды инфрақұрылымы болады. Биыл барлығы 33 көпқабатты үй салу жоспарлануда. 9 айда 16 үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 17 үй пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 1600-ден астам отбасы қоныс тойын тойламақ.