Now Reading
Әр бала маңызды: Астанада «ЖЫЛЫ ЖҮРЕКПЕН…» фотокөрмесі ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Әр бала маңызды: Астанада «ЖЫЛЫ ЖҮРЕКПЕН…» фотокөрмесі ашылды

Әр бала маңызды: Астанада «ЖЫЛЫ ЖҮРЕКПЕН…» фотокөрмесі ашылды

«ЖЫЛЫ ЖҮРЕКПЕН…» атты фотокөрмеге мамандандырылған мектеп оқушылары мен медиа тұлғалар қатысты. Көрме Mega Silk Way сауда орталығында өтуде.

 

«ЖЫЛЫ ЖҮРЕКПЕН…» инклюзияны қолдау мақсатында«DARA» Президенттік бастамалар қоры және Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

«Біз қоғамға эмпатияның маңыздылығын, бір-біріміздің қажеттіліктерін құрметтеудің, қорғау мен түсіністікті қажет ететіндерге қолдау көрсетудің және көмектесудің маңызды қажеттілігін еске саламыз. Ерекше балалар ата-анасының ғана емес, қоғам мен мемлекеттің де махаббаты мен қамқорлығына лайық. Қазақстанда ерекше балаларға білім алуға, медициналық көмекке, оңалтуға, әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақыларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі, деп атап өтті ұйымдастырушылар.

 

«DARA» Президенттік бастамалар қорының жетекшісі Әсел Шілдебаева «ЖЫЛЫ ЖҮРЕКПЕН…» фотокөрмесін өткізу ең алдымен қоғамның инклюзивтілігін арттыруға бағытталғанын айтты.

 

— Қор медиа тұлғалармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенімен бірлесе отырып, ерекше білім алуды қажет ететін балалардың фотокөрмесін өткізуге бастамашы болды. Бұл жоба қоғамның инклюзивтілігін арттыруға бағытталған. Ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру және азаматтардың қоғамға кемсітусіз қатысуын қолдау маңызды. Әлеуметтік қорғау шаралары тек әлеуметтік және медициналық сақтандыруды, мүгедектік бойынша зейнетақы мен жәрдемақыны ғана емес, сонымен қатар азаматтарымыздың толыққанды өмір сүруіне қажетті жұмыспен қамтуға, бос уақытты өткізуге және басқа да салаларға жәрдемдесетін жобаларды жүзеге асыруды қамтуы тиіс. Өкінішке орай, азаматтарымыздың толерантты болуына, адамдардың тең мүмкіндіктерге ие болуына өте аз көңіл бөлінуде. Медиа тұлғаларының өкілдерінің қатысуы және суретке түсу – ерекше дене және білім беру қажеттіліктері бар әртүрлі жастағы адамдардың қарапайым азаматтармен бірдей құқықтары бар екенін еске салудың бір түрі», — деді Әсел Шілдебаева.

 

Фотокөрмеге № 96 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты, оның директоры Сәуле Теменова. Директор ерекше балаларға қызығушылық пен ізгі ниет білдірген қазақстандық шоу-бизнес өкілдеріне алғысын білдірді.

 

— Бұл жобаны қолға алғанымызға екі-үш жыл болды. Жұлдыздармен қалай жұмыс жасаймыз, уақыт пен мүмкіндікті қалай табамыз деп біраз уайымдадық. Осы сәтте Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен «DARA» қоры бізге қолдау көрсетіп, арманымызды жүзеге асыруға көмектесті. Отандық жұлдыздарымызға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Фотосессия 3-4 сағатқа созылды, бұл уақыт балалар үшін тамаша мереке болды. Балаларды суретке түсіруге алдын ала рұқсат алдық. Біз балаларды қоғамнан жасырмай, керісінше жарыққа шығаруымыз керек. Мектептен кейін де балалардың өмірі жалғасуы керек: қоғамда барлығы тең құқықта өмір сүруі керек», — деп түйіндеді сөзін №96 мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Теменова.

 

Оның айтуынша, мектептің ашылғанына небәрі бір жарым ай уақыт өтіп, осы уақыт ішінде 1500 бала жиналды, оның ішінде 18 бала арнайы білім алуда.

 

Фотокөрмеге қатысушылардың ата-аналары дән риза. 3-сынып оқушысы Диана Найдарованың анасы Әсия Найдарова фотокөрмеден алған әсерімен бөлісті.

 

— Бұл көрменің өткеніне ризамыз. Қазір барлығы да ерекше күтімді қажет ететін балалардың барын көріп отыр. Қызымның сыныптастары көрмеге келіп: «Диана қазір арамызда танымал!» — деді. Біздің балалармен сөйлесетін медиа өкілдері олардың қарапайым балалар екенін көрсетеді, оларға сәл көбірек көңіл бөлу керек және бұл жерде қорқынышты ештеңе жоқ. Еуропада мұндай балаларға қарсы көзқарас жоқ. Өкінішке орай, біздің қоғамда диагнозы бар балалар кейбір балабақшалар мен мектептерге қабылданбауы мүмкін. Балаларды оқытуға болады, оларға тек жақсы көзқарас қажет. Біз көрмеге қатысқанымызға қуаныштымыз. Алғашында қызы қобалжыды, бірақ фотограф пен медиа өкілдерінің мейірімділігі арқасында бала ашылды, ол суретке түсе бастады, басқа балалар да солай етті.

Өзін фотокөрмеде көрген Диана: «Анашым, бұл менмін!» Қазір өзін жұлдыздай сезінеді», – деп бөлісті Әсия Найдарова.

 

Әсел Шілдебаева «DARA» қоры балалар мен медиа өкілдерінің бірлескен фотосуреттерін мүмкіндігінше көп адам көре алатындай фотокөрмелер сериясын ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Жоспардағы келесі көрме елорда әуежайында, одан кейін аймақтарда өткізу жоспарлануда.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×