Now Reading
«JOLTAP» жобасы: Астанада тегін кеңес алу, оқу және кәсіби өсу
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «JOLTAP» жобасы: Астанада тегін кеңес алу, оқу және кәсіби өсу

«JOLTAP» жобасы: Астанада тегін кеңес алу, оқу және кәсіби өсу

«JOLTAP» жобасы аясында Астанада 2500 кеңес өткізілді. Қала тұрғындары мемлекеттік қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы ақпарат алды.

«Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы 52 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша 2500 адам кеңес алып, әкімдікке көмек алу үшін өтінім жіберді. Бизнес ашу үшін грант пен микроқаржыландыру бағдарламарына қатысуға 570 адам өтінім жасады. Модульдік пунктердің консультанттары тұрғын үй бағдарламалары, бизнесті қолдау, әлеуметтік көмек және еңбекпен қамту сұрақтары бойынша жан-жақты ақпарат береді.

«JOLTAP» жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді оқу бағдарламары бойынша білім ала алады. Бірінші бағдарлама арқылы азаматтар сауда, құрылыс, қызметтер салаларында сатушы-кассир, тігінші сияқты жұмысшы мамандықтарына оқи алады. Оқу бағдарламасы бизнес көшбасшыларының талаптары мен стандарттарына сай құрастырылған. «Freelance Мүмкіндік» атты екінші бағдарлама қазіргі кезде нарықта сұранысқа ие цифрлық мамандықтарды үйретеді.

«Астана тұрғындары дамуға, әрі кәсіби өсуге талпынысты көрсетіп жүр. Азаматтар оқуға, дағдыларды үйренуге, бизнес ашуға қызығушылық танытуда. «JOLTAP» жобасы арқасында 10 мың Астана тұрғыны жұмысшы және цифрлық мамандықтары бойынша оқып, сертификатталған маман атанады. Жоба мемлекет, бизнес және қоғамның бірлесіп құрастырған тиімді жүйесі болып саналады. Біз жаңа серіктестіктер мен әріптестікке ашықпыз», — деп жоба жетекшісі Астана әкімінің кеңесшісі Дана Жүнісова атап өтті.

«Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктерінде азаматтар келесі мекенжайлар бойынша кеңес алып, оқуға жазыла алады:

«Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34

«Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24

«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 24

«Ailand» СОО Қорғалжын тас жолы, 2

«Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31

«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3

«Азия парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21

«Саянұр» базары Тілендиев даңғылы, 24/5

«Big Шанхай» базары, Алаш тас жолы, 32а.

Модульдік пункттер күн сайын және демалыс күндерінсіз жұмыс істейді. Жобаның барлық құралдары толығымен тегін.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×