Now Reading
Қазақстанның инклюзивті саясатындағы жаңа қадам
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның инклюзивті саясатындағы жаңа қадам

Қазақстанның инклюзивті саясатындағы жаңа қадам

Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында депутаттар Инклюзия жөніндегі кеңес құру туралы мәселені қарап, оның құрамын бекітті және 26 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

Палатаның алдағы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы тұтқындарды алмасу туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Шартты ратификациялау туралы» заңдарды қарайды.

Құқық нормаларына сәйкес елдер қылмыстық құқық бұзушылықтар саласында өзара құқықтық көмек көрсететін болады. Атап айтқанда шарттар адамдарды ұстап беру, адамдарды ұстап беруді кейінге қалдыру немесе уақытша беру, ұстап беруден бас тартудың міндетті және факультативтік негіздері мәселелері бойынша екі мемлекеттің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі реттейді.

Отырыс барысында депутаттар Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңесті құру мәселесін қарап, оның құрамын бекітті.

«Кедергісіз орта құру және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Кеңестің қызметі Қазақстанда толыққанды инклюзивті ортаны қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған. Сонымен бірге біз осы платформаның қызметіне басқа сарапшылар мен қоғам белсенділерін де тартатын боламыз. Кеңес ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді деп сенеміз. Сенат осы бағытта барлық мүдделі тараптармен белсенді жұмысты жалғастырады», — деді Мәулен Әшімбаев

Кеңес құрамына Сенат депутаттарынан басқа сарапшылық қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Естеріңізге сала кетейік Инклюзия кеңесін құру бастамасы алғаш рет осы жылдың қыркүйек айында Сенатта жарияланған болатын.

Бюро отырысына қатысушылар Елбасының Қазақстан Республикасының Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауын іске асыру шеңберінде жаңа Салық кодексіндегі салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жаңғыртудың негізгі тәсілдері мен тұжырымдамалық мәселелері» тақырыбындағы алдағы Үкімет сағатына дайындық барысын талқылады.

Палата Спикері атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында салық салу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Парламент алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі Салық кодексін әзірлеу болып табылады.

Сонымен қатар депутаттар Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдарды Сенаттың тұрақты комитеттері арасында таратып берді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×