Now Reading
Астанада өткен бос орындар жәрмеңкесінде екі мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада өткен бос орындар жәрмеңкесінде екі мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды

Астанада өткен бос орындар жәрмеңкесінде екі мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге 70 шақты мекеме қатысып, 2 мыңға жуық бос жұмыс орнын ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл — биыл өткізілген алтыншы іс-шара. 

«Жыл соңына дейін бұл жәрмеңкелердің саны он шақты болады. Алдыңғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 200 жас жұмыспен қамтылды. Осы жолы мыңға жуық жұмыс іздеуші келіп отыр. Біз екі апта бұрын жұмыс берушілерге хабарласып, оларда қандай бос жұмыс орындары бар екенін сұрадық. Қазір университет алаңында мемлекеттік мекемелерден бастап, жеке кәсіпкерлік өкілдеріне дейін қатысып, мамандардан түйіндемелер қабылдап, әңгімелесуде», — деді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ маманы Әсел Болатқызы.

Аталған жәрмеңкеде жұмыс іздеуші жастармен қоса жоғары курстың студенттері өндірістік тәжірибеден өту үшін мекемелермен келісім жасады. 

«Бұл оқу орнын жылына 5 мың түлек бітіреді. Сол студенттеріміз мамандығына сай жұмыс табуы үшін университетіміздің алаңында бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің өтуі — үлкен көмек. Университетімізде мұндай іс-шара жыл сайын екі мәрте өткізіліп тұрады. Үміткерлер түйіндемелерін тапсырады және жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтеді. Әр жәрмеңкеде жұмысқа орналасқан жастардың 20-30 пайызға жуығы өз мамандығы бойынша жұмыс тауып жатыр», — деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің карьера және іскерлік серіктестік бөлімі басшысы Гүлнұр Смағұлова.

Айта кетейік, аталған ауқымды іс-шараны «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×