Now Reading
«Балаларға арналған ұлттық қор»: бірінші төлем қашан келеді және есептеулерді қалай қадағалауға болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Балаларға арналған ұлттық қор»: бірінші төлем қашан келеді және есептеулерді қалай қадағалауға болады

«Балаларға арналған ұлттық қор»: бірінші төлем қашан келеді және есептеулерді қалай қадағалауға болады

Қаражат жылына бір рет есептелетін болады.

«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы бойынша алғашқы төлемдер 2024 жылдың 1 ақпанында қазақстандық балалардың есепшотына түседі. Себебі, есептеулерге, яғни бір балаға шаққандағы соманы анықтауға бір ай қажет, деді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Бұл қарапайым арифметика.18 жыл ішінде инвестициялық кірістің 50%-ы қатысушылар санына – 18 жасқа дейінгі балаларға бөлінеді. Осылайша бір балаға шаққандағы сома анықталады және бұл есептеу келесі жылдың 1 ақпанында жүргізіледі. 1 ақпаннан кейін 18 жасқа толғандар ақша алу үшін электронды платформа арқылы өтініш беруге құқылы», — деп қосты Дәурен Темірбеков.

Темірбековтің айтуынша, ата-аналар есептеулерді екі жолмен бақылай алады. Біріншісі – БЖЗҚ сайты арқылы.

«ЖСН енгізіп, балаға қаражаттың есептелгенін немесе есептелмегенін тексеруге мүмкіндік болады. БЖЗҚ сайтында бір жыл ішінде қанша есептелгенін ғана көруге болады. Ал бірнеше жылдағы қалдықты білу үшін, eGov жүйесіндегі шотыңызға кіруіңіз керек, бұл сома сонда қолжетімді болады.Тиісті интеграциялау жұмыстары қазірдің өзінде жүріп жатыр және жыл соңына дейін аяқталады», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...