Астана қалалық тұрғын үй орталығы «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау 6 қарашада сағат 9.00-ден бастап 12 қарашаны қоса алғанда 23.59-ға дейін жалғасады.
Барлығы 770 пәтерді бөлу жоспарлануда. Тұрғын үй 3 жылға ұзарту құқығынсыз беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы 5 000 — 15 000 теңге болады.
Құжаттар QATYSU.ZHILFOND.KZ порталы арқылы тек электронды түрде қабылданады.
Шарттар:
— отыз бес жасқа (қоса алғанда 34 жасқа дейін) толмаған Қазақстан Республикасының азаматы (азаматша);
— аяқталған орта/мамандандырылған/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналасу;
— өтініш берушінің Астана қаласында өтініш бергенге дейін соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуі (тіркеу) болуы;
— өтініш берушінің отбасы мүшелерін (жұбайы/және балалары болған жағдайда) Астана қаласында тұрақты тіркеуі (тіркеу);
— өтiнiш берушiнiң және барлық отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасында меншiк құқығында тұрғын үйi, сондай-ақ өтiнiш берген кезде соңғы 5 (бес) жыл iшiнде сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйi болмаған;
— өтініш берушінің соңғы 6 айындағы төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табысы кемінде 40 АЕК/кемінде 138 000 теңге).
Ең алдымен электронды қолтаңба кілтін алу қажет, ал тізімдегі барлық сертификаттар өтініш берген кезде күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей алынуы тиіс.
Телефоныңызға SMS хабарлама келгеннен кейін сіз өз өтінішіңіздің күйін qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте көре аласыз.
Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша 109 байланыс орталығына (ұялы телефоннан тегін), 8-776-198-29-70 (WhatsApp) нөмірі бойынша немесе Астана қаласы, Республика даңғылы 32, мекенжайы бойынша хабарласыңыз.