Now Reading
Азия пара ойындарының қола жүлдегері үйіне оралды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Азия пара ойындарының қола жүлдегері үйіне оралды

Азия пара ойындарының қола жүлдегері үйіне оралды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында жүзуден командалық жарыста өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанған астаналық Сиязбек Далиев елге оралды.

 

Елордалық спортшы Сиязбек Далиев жылы лебіздерін білдіріп, қошеметпен қарсы алған жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

 

«Мен Азиядағы пара ойындарына қатысып, өз еліме, Қазақстанға, Астанаға турнирден қола медаль әкелгеніме өте қуаныштымын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз! Қолдауларыңыз бен жылы тілектеріңіз үшін көп рахмет!» — деп өз әсерімен Сиязбек бөлісті.

 

Спортшыны күтіп алу үшін Астана халықаралық әуежайына қалалық спорт бөлімінің басшысы Самат Жылқыбаев, елордалық мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ пара жүзушінің отбасы келді.

 

«22-29 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия пара ойындары еліміз үшін табысты болды. Өйткені, ел өз тарихында жүлделердің саны мен сапасы бойынша барлық рекордтарды жаңартты. Екіншіден, парадзюдо, пара-атлетика, парапауэрлифтинг сияқты спорт түрлерінен Қазақстан тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды. Облыс арасында медальдар саны бойынша көшбасшы орынды елордалық паралимпиадашылар иеленді. Астана – 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль.

 

24 жастағы Ақмарал Науатбек пен 38 жастағы Ерғали Шәмей алтын медаль иегерлері атанды. Дәл осы спорт түрінен 30 жастағы Асылан Нұрдәулетов күміс, 35 жастағы Бауыржан Арстанбеков қола жүлдегер атанды. Ал Сиязбек Далиев аралас кешенді командалық есепте қола жүлдені жеңіп алды.

 

Биылғы Азия пара ойындары Астана үшін жақсы көрсеткіш деп айта аламыз», – деп атап өтті Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×