Now Reading
Протезіне қарамастан, теннисті жетік меңгерген спортшы ару жетістігінің құпиясын айтты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Протезіне қарамастан, теннисті жетік меңгерген спортшы ару жетістігінің құпиясын айтты

Протезіне қарамастан, теннисті жетік меңгерген спортшы ару жетістігінің құпиясын айтты

Ақмөлдір небәрі 18 жаста. Қолындағы протезіне қарамастан үздік теннисші атанған Ақмөлдір Тілеуқұлова Атырау облысының Құлсары қаласында тұрады.

Қазақстанды мойындатқан Ақмөлдір адамның мүмкіндігінде шектеу жоқ екеніне сенеді. Ақмөлдір ерекше сәби болып өмірге келді. Қолындағы туабітті жетіспеушілік қаршадай қызды сындыра алмады.

Үстел теннисінен талай жетістіктерді бағындырып жүрген спортшы бүгінгі Ақмөлдірдің қалыптасуына отбасы, бауырлары себепкер болғанын айтты.

«Әсіресе, анамның ма­ған берген күш-жігері өмірден өз ор­нымды тауып, алға қарай ұмты­луыма себеп болды. Сондықтан адам жығылған кезде де, қуанған кезде де оның жанында отбасы болуы керек. Отбасындағы қам­қор­лық, демеу, жылы сөздер көп нәрсеге ықпал етеді», — дейді Ақмөлдір.

Ақмөлдірдің ерекше жағдайына сыныптас достары аса бір назар аудармаған. Бірақ бала кезден өте ұялшақ болған Ақмөлдір көп жерде ойын ашық айтуға қымсынатын.

«Сөйтіп жүргенімде анам мүмкіндігі шектеулі адам­дар­дың қоғамына апарды. Ол жер­де өзім сияқты көптеген адамды көрдім. Мен үшін ол жер алға жетелейтін қуатты күші бар ерекше алаң болып көрінді. Өзіме сенуді, алға ұм­ты­лу­ды үйрендім. Бала кезімнен үстел теннисіне қызығатынмын. Сол қоғамда жүріп, спортпен шұғыл­дана­мын деп шешім қа­был­дадым», — дейді Ақмөлдір.

Осылайша, 12 жыл­дан бері теннис саласында жүрген чемпион қыз біраз белестерді бағындырған.

«2021 жыл­дың мамыр айында үстел тен­нисінен Астана қаласында өткен Қазақстан чемпионатында жеңіп алған қола медалімнің орны ерекше. Атырау облыстық парақұрамаға қабыл­данғандық­тан, үнемі жарыстарға шығып отырамын. Осы мүмкін­дікті пайдаланып, бүгінгідей жетістікке жеткізген бапкерлерім Амангелді Мыңжасаровқа, Қайрат Еңсеп­овке, Гүлнар Әбіл­қайыр­оваға алғыс айтқым келеді», — дейді Ақмөлдір.

Талай жеңістерді ен­ші­леп жүрген Ақмөлдір ұзақ уақыт бойы ар­ман­дап келген бионикалық протезге жуырда қол жеткізді.

«Жаңа протезім қолымның қимылын жеңілдете түсті. Мен бақыттымын», — дейді спортшы қыз.

 

 

Источник: NewTimes

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×