Now Reading
3 қарашада Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 3 қарашада Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

3 қарашада Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті  қолдауымен өтеді.

3 қараша күні сағат 11.00-де Астанада Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге делдал серіктестердің қатысуынсыз өндірушілер қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтарының сұранысына ие, өзімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылымға шығарылады. Сондай-ақ университеттің ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті көрсетіледі.

Табиғи және қолжетімді өнімге үлкен сұраныс болады деп болжануда. Университет өкілдерінің айтуынша, сатылымға шығарылатын тауарлар көптеп қойылады.

«Жәрмеңкенің мақсаты – пайда табу емес, елорда тұрғындарын әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Өнімнің сапасы жоғары. Жәрмеңкеде біздің ғалымдар мен студенттер өсірген ауылшаруашылық өнімдері, сондай – ақ университет серіктестері шығарған өнімдер болады», — делінген хабарламада.

Жәрмеңкеге «Агрофирма Родина» ЖШС, «Есіл-Агро» ЖШС, «Астана өнім» АҚ, «Солтүстік Қазақстан АШТС» ЖШС, «Рахат» АҚ сияқты ірі өндірушілердің еті, сүті, балығы, шұжық өнімдері, көкөністері мен жемістері, сондай-ақ университет және жақын аймақтардан келген кәсіпкерлердің өнімдері төмен бағамен ұсынылатын болады.

Жәрмеңке Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті  агрономия факультеті ғимаратының жанындағы алаңда өтеді, мекенжайы: Жеңіс даңғылы, 62.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...