Петропавлда аула сыпырушыны ұрып-соғу оқиғасы күтпеген жалғасын тапты
Еске сала кетейік, қылмыс қаладағы аулалардың бірінде болған. Бейнебақылау камералары белгісіз ер адамның мүгедектігі бар азаматтың басынан қол-аяғымен ұрғаның тіркеді.
Қазір жәбірленуші жарақатпен ауруханада жатыр.
Бұл оқиғадан қала тұрғындары қатты үрейленді. Өйткені, полиция күдіктіні полиция ұстаған жоқ. Болған оқиға туралы сюжетті жариялағаннан кейін тәртіп сақшылары петропавлдықтардың сынына ұшырады. Ал бүгін таңертең шабуыл жасаған 34 жастағы ер адам қамауға алынды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар сот органына жолданып, құқық бұзушыға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу туралы 3 айға арнайы талаптар белгіленді. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда және ерекше бақылауда», — деді СҚО ПД басшысы Айдын Қабдулдинов.