Now Reading
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер беріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер беріледі

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер беріледі

Мәжіліс депутаттары әлеуметтік кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер беру туралы ұсыныс жасады. Мәжіліс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Екатерина Смышляева заң жобасының басты мақсаты әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларын бекіту болып табылады деп атап өтті. 

 «Атап айтқанда депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлерге оқыту, біліктілікті арттыру немесе әлеуметтік осал санат тұрғындарын қайта даярлау төлемдеріне жасалған шығындарын екі есе қысқартуда; мүлік салығын салықтық базаға 0,5 пайыз ставкамен есептеу бойынша салық салынатын табысты азайтуға ұсыныс білдірді. 

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтыған кәсіпорындар үшін бірқатар салық преференциялары бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатқанын атап өткім келеді. Осы нормаларды енгізу арқылы жеңілдікті салыққа үміткер болатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін арттыра аламыз», — деді Екатерина Смышляева Мәжіліс отырысында.

Депутаттың айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлердің көбінесе жұмыспен қамту барысында жұмысшылардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, денсаулық жағдайына байланысты қызметті өзгерту қажеттілігі және мамандардың кәсіби деңгейін үнемі арттыру тәрізді проблемалары туындайды. 

«Кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға кететін шығындар үшін жұмыс берушілерге салықтық жеңілдіктер ұсыну олардың жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және осы топтағы жұмысшылардың біліктілігін арттыру процесінде жеке инвестициялар құюды жеңілдетеді, бұл шығындар негізінен бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

Бұл нормалардың іске асырылуы мемлекеттік кірістердің қысқаруына әкелетіндіктен, заң жобасы бойынша үкіметтің оң қорытындысы бар», — деп толықтырды депутат.

Сондай-ақ, депутаттар бірінші оқылымда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша түзетулер жобасын мақұлдады. Депутат Е.Смышляеваның айтуынша жүзге жуық әлеуметтік субъектілерге салық салу жеңілдетілген.

«Сонымен қатар әлеуметтік бағытта қызмет ететін ұйымдардың шеңбері әлдеқайда кең және олардың саны жыл сайын артып келеді. Азаматтық қоғамның дамуы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жаңа деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жүйесін нығайту және мемлекеттің бірқатар әлеуметтік қызметтерін бәсекелестік ортаға беру де ықпалын тигізіп отыр. Алайда қолданыстағы заңнамалық база әлеуметтік ұйымдардың кең ауқымды қызметін реттеуге мүмкіндік бермейді», — дейді депутат.

Заң жобасы қызметі қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған кәсіпкерлік субъектілеріне анықтама береді. Заң жобасына сәйкес мәртебе алу үшін кәсіпкер келесі шарттардың кем дегенде біреуін орындауы керек екендігі көрсетілген:

  азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 50 пайызын құрайтын сапалы жұмыс орындарын құру;

  халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған, оларды сатудан түскен табыс кәсіпорынның жалпы кірісінің кемінде 50 пайызын құрайтын тауарлар өндіру;

  әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және оқыту, мәдениет және спорт саласындағы қызметтер ұсыну.

Заң жобасында барлық топтағы мүгедектігі бар жандар, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан еңбекке жарамды азаматтар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар, түрмеден босатылған жандар, химиялық тәуелділіктен емделіп жатқан азаматтар, зейнетке шыққан және зейнетке дейінгі жастағы адамдардан тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі анықталған.

Негізгі заң жобасы үш кодекс пен екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. 

 

 

 

 

 

 

Источник: tengrinews.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×