Now Reading
2024 жылы Қазақстанда қандай төлемдер мен жәрдемақылар көтеріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2024 жылы Қазақстанда қандай төлемдер мен жәрдемақылар көтеріледі

2024 жылы Қазақстанда қандай төлемдер мен жәрдемақылар көтеріледі

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстанда келер жылы әлеуметтік төлемдердің түрлері және оларды қаншаға арттыру жоспарланғаны туралы ақпарат берді.

Министрліктің ресми сауалына берген жауабында айтылғандай, мөлшері күнкөріс минимумына немесе айлық есептік көрсеткішке байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері 2024 жылы инфляция деңгейіне, атап айтқанда 7 пайызға артады.

Біздің өтінішіміз бойынша Еңбек министрлігі мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің осы түрлерін санамалап берді. Атап айтқанда, бұлар:

мүгедектік және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлемдер;

№ 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар; 

жерлеуге арналған біржолғы төлем;

бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау;

арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топтағы мүгедектігі бар жанды бағып отырған адамға мемлекеттік жәрдемақы.

+3
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×