Now Reading
Елордалық колледжде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық колледжде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Елордалық колледжде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Дүниежүзілік балаларды қорғау күні аясында Қазақстан Швейцария-Америка колледжінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, елорданың кәсіптік білім беру саласында инклюзияны қолдау кабинеті алғаш рет ашылды. Бұрын олар тек мектептер мен балабақшаларда ғана ашылатын.

 

«Біздің мақсатымыз – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мектептен кейін кәсіптік білім алуына жағдай жасау. Осылайша, былтырдан бері 100-ге жуық бала қалалық колледждерге оқуға түсті. Олар аудармашы, дизайнер, бағдарламашы сияқты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таңдады. Бұл бағытта білім беріп жүрген ұстаздар да назардан тыс қалмайтынын айта кеткен жөн. Жыл сайын біздің қаламызда 500-ден астам педагог мамандандырылған орталықтарда инклюзия бойынша біліктілігін арттырады», — деді Қасымхан Сенғазиев.

 

Швейцария-Америка колледжінің басшысы Гүл Жанаева бүгінде оқу орны қабырғасында ерекше білім беру қажеттілігі бар 98 студент білім алып жатқанын атап өтті.

«Екінші жыл қатарынан түрлі ауруға шалдыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуға қабылдап жатырмыз. Аурулардың ауқымы өте кең. Жалғыз шарт — психикалық бұзылулардың болмауы. Біз 10 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындаймыз. Ал біз инклюзивті қолдау кеңсесінің бүгінгі ашылуын Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орайластырдық. Өткен жылы біз бағдарламалық қамтамасыз ету, интерьер дизайны және аударма сияқты салалар бойынша ерекше қажеттіліктері бар 49 студентті қабылдадық. Өкінішке қарай, аударма ісі мамандығы ақылы негізде. «Атамекен» КП жанындағы Іскер әйелдер кеңесі бұл мәселеде бізді қолдап, «Живое слово» Республикалық байқауының гран-при иегері Мөлдір Сәбитбектің оқуына ақы төледі. Биыл біз 50-ден астам студентті оқуға қабылдадық», — деп атап өтті колледж директоры.

 

Оның айтуынша, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау колледждің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Ерекше қажеттіліктері бар студенттердің оқу процесін жақсарту үшін техникалық және әлеуметтік жағдайлар жасалды: пандустар, колледжге кіре берісте және дәретхана кабиналарында тұтқалар, тактильді тақтайшалардан жасалған жолдар, инвотаксиге арналған тұрақ және т.б. орнатылды.

Астананың Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, елорда әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Асима Бимендина қала тұрғындарын Дүниежүзілік балалар күнімен құттықтап, бұл бүкіл адамзат үшін маңызды күн екенін атап өтті.

 

«Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың көп болуы өте қолайлы. Инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуы оқу-тәрбие процесіне, жаңадан келген студенттерді бейімдеуге көмектеседі. Жуырда біз мерекеге арналған онкүндікті өткіздік. Осы кезеңде оқушылармен кездесіп, қауіпсіздік шаралары туралы сөйлестік, тренингтер өткіздік. Бұл балаларға өте қатты ұнады. Сондай-ақ, балаларды қолдау орталығына барып, онда отбасылық құндылықтар туралы аукцион өткіздік және балалар ауылына барып, олардың өмір сүру жағдайларын тексеріп, болашаққа деген жоспарларын сұрадық. Мен қай жерге барсам да, 111 телефоны туралы айтып жүремін, егер олардың құқықтары бұзылса, қайда жүгіне алатынын біледі», — деді Асима Бимендина.

 

Педагог-психологтар, логопед-мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, педагог-ассистенттер жұмыс істейтін кабинеттердің миссиясы – ақпараттық және коммуникативтік кедергілерді жою, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды колледж өміріне сіңдіру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Еліміздің басқа да колледждерінде осындай кабинеттер ашу жоспарланып отыр.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×