Now Reading
Қазақстанның алты облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үйлер ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның алты облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үйлер ашылды

Қазақстанның алты облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үйлер ашылды

Жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында Қазақстанның алты облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шағын үйлер ашылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясындағы жұмыс бағыттарының бірі. Ірі мектеп-интернаттардағы қызмет көрсетуден шағын штаттық әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу қарастырылуда. Жан басына қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік орталықтарды кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жүзеге асырылатын болады. Шағын үйлерді тікелей мүгедектігі бар азаматтар тұратын жерлерде, соның ішінде ауылдық жерлерде ашу жоспарлануда.

Пилоттық жобаға еліміздің жеті облысы қатысуда: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Бұрын хабарланғандай, Қарағандыда 4 шілдеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы шағын сыйымдылықтағы үй ашылды. 29 тамызда Көкшетау мен Шымкентте, 1 қыркүйекте Астанада, 10 қыркүйекте Түркістан облысында осындай үйлер ашылды. Қараша айында Оралда тағы бір шағын сыйымдылығы бар «Ақ ниет» үйі пайдалануға берілді.

Жалпы, жоғарыдағы шағын үйлер 130 төсекке есептелген.

Шағын үй-жайларда мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық экономикалық қызметтер.

Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог және т.б кабинеттер бар.

Шағын үй-жайларда қызмет көрсету стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісіне балама болып табылады және баланы отбасында ұстауға бағытталған. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары еңбекке араласып, отбасының әл-ауқатын жақсарта алады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×