Now Reading
Дәрігерлер оңалту курсынан кейін зейнеткердің қозғалу мүмкіндігін қалпына келтірді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Дәрігерлер оңалту курсынан кейін зейнеткердің қозғалу мүмкіндігін қалпына келтірді

Дәрігерлер оңалту курсынан кейін зейнеткердің қозғалу мүмкіндігін қалпына келтірді

№ 7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасы нейроңалту бөлімшесінің дәрігерлері ұзақ оңалту емінен кейін науқастың бұрын өз бетінше қозғалу қабілетін қалпына келтірді.

Зейнеткер құлау салдарынан ауыр жарақат алды, ота жасалды. Оңалту емінің екі курсынан өтті. Оңалту бөлімшесіне түскен кездегі жағдай: тетрапарез (бүкіл аяқ-қолдардағы бұлшықет күшінің төмендеуі), қолдардағы бұлшықет күшінің 1,0 балға дейін төмендеуі. Қолдарын қимылдата алмай, көтере алмай, тек тірекпен қозғалды.

 

Ол ауруханаға каталкамен келді және осы күндері клиникадан өз бетінше шықты. Енді ол өзіне өзі қызмет ете алады, бұл әлеуметтік бейімделуге, қоғаммен араласуға көмектеседі, өмір сапасы едәуір артады, осылайша өмірдің мәніне ие болуға көмектеседі, дейді емдеуші дәрігерлер.

 

«Мен оңалту бөлімшесіне түскен кезде жағдайым ауыр болды: қолдарым мен аяқтарым өте нашар қозғалды. Оңалтудың арқасында мен аяғыма тұрып, 50 метр жаяу жүріп, кері қайтатын болдым. Сондай-ақ, қолдарым да тәуір бола бастады, енді мен қолдарыммен қимылдар жасай аламын, желкемді, мұрынды қасып, стакан, қасық көтере аламын. Бір сөзбен айтқанда, мен тәуір боп келе жатқанымды сезіндім, менде үлкен рух пайда болды. Осыған байланысты бөлімшенің меңгерушісі Айнұр Жиенбайқызы мен нұсқаушы Жанасыл Рысбекұлына алғысымды білдіремін. Олардың күш-жігерінің арқасында мен қазір өзімді жақсы сезінемін, аяғыммен жүремін, қолдарым қозғалады. Сондай-ақ Қалқаман 7 ауруханасының  ұжымына үлкен рахмет айтамын», — деп ер адам шынайы қуанышымен бөлісті.

 

№7 қалалық клиникалық аурухананың нейрооңалту бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Досыбаеваның айтуынша, екі курс бойы (әрқайсысы 14 күннен) науқас кинезиотерапевтпен күнделікті жеке сабақтар түрінде, ПНФ (проприоцептивті нейробұлшықет фасилитациясы) және Бобат терапиясы сияқты ең тиімді, заманауи әдістерді қолдана отырып емделді, бұл  паретикалық және сал ауруына шалдыққан адамдардың аяқ-қолдарының моторлық функцияларын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

«Сондай-ақ тренажерлардағы сабақтар, массаж, физиотерапия, әлеуметтік және еңбекке бейімделуді жақсарту үшін психотерапия. Нәтижесінде, науқастың күнделікті өмірде алған дағдыларын қолдану үшін дұрыс қозғалыс схемасы қалыптасады», — дейді дәрігер-реабилитолог.

 

Ол №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрооңалту бөлімшесі 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейтінін айтты. Мұнда ми қан айналымының жедел бұзылуынан және ми мен жұлынға хирургиялық араласудан өткен науқастар үшін оңалтудың екінші кезеңі жүргізіледі. Емдеуге жатқызу бюроның порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жедел ми қан айналымы немесе ота жасалған күннен бастап алғашқы 6 ай ішінде көрсетіледі. 2023 жылы бөлімшеде 560 науқас емделді, оның 70 %-ы инсульттан кейінгі науқастар, ал 30%-ы отадан кейінгі науқастар

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×