Now Reading
Қазақстанда 1 желтоқсандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда 1 желтоқсандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Қазақстанда 1 желтоқсандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 33,7 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 930,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 2 триллион 103,1 миллиард теңгесі ынтымақтық зейнетақыға бөлінді. 

1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 328 мың адамды құрайды.

Орташа жиынтық зейнетақы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 120 838 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 950 теңге, базалық зейнетақы – 37 888 теңге.

Еңбек министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалатынын хабарлады.

Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бірлескен және бірнеше жүйеде әзірленген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдері кіреді.

Осылайша егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-ына тең болса, онда 10 жылдан асатын әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, 20 жыл қатысумен базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 80 пайызын құрайды. 30 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған жағдайда ол ең жоғары мөлшерде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде белгіленеді.

Бір ай ішінде БЖЗ бірнеше рет аударылған болса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×