Now Reading
Депутаттар Қостанайдағы балаларды оңалту орталығының жабылуына қарсылық танытуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Депутаттар Қостанайдағы балаларды оңалту орталығының жабылуына қарсылық танытуда

Депутаттар Қостанайдағы балаларды оңалту орталығының жабылуына қарсылық танытуда

Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесін Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

— Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары ҚХП фракциясына хабарласқан. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап теміржол ауруханасының жанындағы оңалту орталығы жабылмақшы екен. бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бар болғаны 2 оңалту орталығының біреуі болатын. Сонымен қатар осы санаттағы балалар санының өсуіне қарамастан осындай шешім қабылданыпты. Орталықты жабу жоспарлары 500-ден астам бала үшін ауыр зардаптарға әкеледі, әсіресе мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж балалар, мысалы, церебральды сал ауруы, тірек-қимыл аппараты бұзылған және оңалтуды қажет ететін басқа да жағдайлар үшін жаұсы шешім болмай отыр.  Бұл 28 жоғары білікті маманның жұмыстан босатылуына әкеліп соғады, бұл кәсіби салада қиындықтар туғызып, жұмыссыздар қатарын толықтырады», — деді Ирина Смирнова Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауалын жеткізіп.

Депутаттың айтуынша, бұл шешім балалардың құқықтарын қорғаудың және дәрігерлер мен жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтаудың барлық қағидаттарына түбегейлі қайшы келеді.

— Орталықтың жабылуы оның пайдасының төмендігімен түсіндіріледі. Дегенмен, біз балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты коммерциялық мүдделерден жоғары тұруы керек деп есептейміз. Түрлі дертке шалдыққан балаларға ерекше көңіл бөлу керек», — деп атап өтті Ирина Смирнова.

Мәжілісмен Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасайтын отбасыларға ерекше көңіл бөлу керектігін баса айтты. Үкімет церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық-әлеуметтік қолдауды жақсарту шараларын әзірлеуі керек. Президент сондай-ақ «қол жетімді қашықтықта» балаларға арналған шағын және орта оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажеттігін атап өтті.

«Бұл орталықты жабу туралы шешім ел саясатына, Елбасы Жолдауына қайшы келеді және жергілікті қауымның сұранысын қанағаттандырмайды. Сонымен қатар балаларды оңалтуға арналған медициналық мекемелердің тарифтері тым төмен және нақты қажеттіліктерге сәйкес келмейтінін бөлек атап өткен жөн. Бұл сапалы оңалтуға қол жеткізуді қиындатады және қайта қарауды талап етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қостанай қаласындағы теміржол ауруханасы жанындағы балаларды оңалту орталығын жабу мәселесін қайта қарау, балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына, сондай-ақ әлеуметтік салаға және орталық жабылған кезде міндетті түрде пайда болатын эмоционалдық аспектілерге ерекше көңіл бөлу қажет деп есептейміз — деп түйіндеді Ирина Смирнова.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×