Қазақстанның 2 облысындағы балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге көкөністер бағасы қосылып сатылып отырған.
Урекше күтімді қажет ететін балаларды қолдау орталығында іскер кәсіпкер сәбіздің килограмы 325 теңгеден, қырыққабатты 380 теңгеден саудалап, нарық бағасынан екі есе қымбатқа сатқан.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер аудан балабақшаларына 50 миллион теңгеден астам қаржыға көкөніс сататын кәсіп ұйымдастырған. Сауда орындарында сату бағасы 141 теңге болғанымен, жеткізуші картоптың келісін 250 теңгеден сатып келген.
Жеткізуден делдалдар алынып тасталды. Көкөністердің бағасы 2 есеге арзандады. Қаржы мониторингі агенттігі әлеуметтік қоржыннан өнімдерді жеткізген кезде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15 пайызынан аспауы керектігін атап өтеді.