Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Халықты әлеуметтік қорғауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің 4 облысында «QH Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» пилоттық жобасын іске қосу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.»
Бұл жоба мүгедектігі бар балалар санының, әсіресе жүйке жүйесінің аурулары мен тірек-қимыл аппаратының бұзылулары бар балалар санының серпінді өсуі тұрғысынан өзекті болып табылады. Оны жүзеге асыру мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ олардың оңалту әлеуетін арттыруға бағытталған.
Пилоттық жоба 4 аймақты қамтиды: Абай, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласы. Оны жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты мекемелер базасында жұмыс істейтін Әлеуметтік қорғауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының филиалдары жүзеге асырмақ.
Жобаның 1-кезеңі аясында 4 филиалда техникалық оңалту құралдарын іріктеу бөлімшелері ашылды, онда оларды пайдалану, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың заңды өкілдері үшін қауіпсіздік шаралары бойынша оқыту жүргізіледі. Демонстрациялық залдарда техникалық оңалту құралдарының әртүрлі үлгілері көрсетіледі.
2-кезеңде филиалдардың көпсалалы бригадалары мүгедектігі бар балалардың функционалдық жағдайын және қоршаған ортасын бағалайды, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер бойынша оңалтудың техникалық құралдарын таңдайды. Оқытудан кейін ұсынылған техникалық оңалту құралдары әр баланың жағдайына қарай белгіленген курс мерзіміне үйде оңалту үшін балаларға тегін жалға беріледі.
Жобаны жүзеге асыру мүгедектігі бар балаларға қоғам өміріне толыққанды қатысуға және олардың тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.