Now Reading
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік төлемдердің қаншаға өсетінін айтты.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 7%-ға, ал ынтымақ зейнетақы 9%-ға өседі, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл көрсеткіштер Ұлттық банк болжаған инфляция деңгейіне қатысты, яғни ынтымақ зейнетақы одан 2%-ға жоғары болады. Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді есепке алмағанда, бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жалпы мөлшері биылғы 120 838 теңгемен салыстырғанда 130 414 теңгені құрайды.

«Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайын кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ең жоғарысын 120%-ға дейін арттыру жүзеге асырылуда. Қаңтардан бастап ең төменгі базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-дан 65%-ға дейін ұлғайтылады, ол 28 215 теңгені құрайды, ең жоғары мөлшері – 45 578 теңгені құрайтын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100-ден 105%-ға дейін ұлғайтылмақ», — делінген ведомство хабарламасында. 

 Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда төленетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге, төртінші және одан кейінгі нәресте туғанда 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін өседі.

Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы төрт балалы отбасыларға 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге, 10 балалы отбасыларға 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін өседі.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге, екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге, үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақы 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін өседі.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және мүгедектік бойынша төленетін төлемдер де 7%-ға өседі. Бұл төлемдерді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылардан басқа алады», — деп толықтырды Еңбек министрлігі. 

Асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша төлемдердің мөлшері мыналарға байланысты:

— соңғы екі жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс;

— мүгедектік көрсеткіштері;

— асырауындағылар саны;

— міндетті әлеуметтік сақтандыру және кірістерді ауыстыру жүйесіне қатысу өтілі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×