Now Reading
Бала күтіміне байланысты демалыстан ерте шығып, бірден ақылы демалысқа шығуға болады ма?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бала күтіміне байланысты демалыстан ерте шығып, бірден ақылы демалысқа шығуға болады ма?

Бала күтіміне байланысты демалыстан ерте шығып, бірден ақылы демалысқа шығуға болады ма?

Бала күтіміне байланысты демалыстан ерте шығып, бірден ақылы еңбек демалысына өтініш беруге бола ма? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

Жауаптан шығатыны, Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер бала үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалысты толық немесе ішінара пайдалана алады.

«Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс мерзімі біткенге дейін жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге оның ниеті туралы жұмысқа кірісуге бір ай қалғанда хабарлауға міндетті», — деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

 

Бұл ретте қызметкерге жұмыс істеген бірінші және одан кейінгі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру тәртібі жыл сайын қызметкерлердің пікірлерін ескере отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес айқындалады немесе тараптардың келісімі бойынша демалыс кестесінен тыс белгіленеді.

 

«Осылайша, бала күтіміне байланысты демалыстан шыққаннан кейін жұмыс берушінің келісімімен қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуға құқылы», — деп қорытындылады Еңбек министрлігі.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×