Now Reading
Батыс Қазақстан медицина университетінің базасында оңалту бөлімшесі ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Батыс Қазақстан медицина университетінің базасында оңалту бөлімшесі ашылды

Батыс Қазақстан медицина университетінің базасында оңалту бөлімшесі ашылды

Батыс Қазақстан медицина университетінің базасында оңалту бөлімшесі ашылды

Астанада өткен II Корпоративтік қайырымдылық форумында Қор басшысы Нұрлан Жақыпов онлайн-байланыс арқылы Батыс Қазақстан медициналық университетінің базасында ашылған оңалту бөлімшесінің жұмысын бастады.

Сөз сөйлеу кезінде Қор басшысы оңалту орталығының жұмысын бастап, қызметіне табыс тіледі.

Орталық ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, емдеу нәтижесінде пайда болған жаңа өмір жағдайларына бейімделуге және әлеуметтік шаралар кешенін көрсетуге бағытталған. Мамандар онкологиялық аурулары бар 3000-ға жуық қазақстандыққа көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Ақмола және Түркістан облыстарының өкілдеріне 5 жедел жәрдем мен реанимациялық көліктердің сертификаттары табысталды.

Енді шалғай өңірлерге уақытылы медициналық көмек қолжетімді болады.

Өткен жылы осындай жедел жәрдем көліктері 5 облыстың медициналық ұйымдарына берілді. 2023 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры 7,2 млрд теңгеге 46 әлеуметтік жобаны қаржыландырды.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...