Астанада сегіз жасар бала адасып қалды. Ол оқиға туралы SOS түймесін пайдаланып полицияға хабарлады.
Елордалық полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді неғұрлым тиімді және сапалы шешуге, сондай-ақ азаматтардың барлық өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді.
Көктал саябағында бала SOS дабыл түймесін басып, адасып қалғанын хабарлады. Қоңырау бірден жедел басқару орталығының полиция қызметкеріне байланыстырылды. Кірістірілген бейнекамера арқылы жүйе барлық деректерді автоматты түрде жазып алды, бұл хабарламаға жылдам жауап беруге мүмкіндік берді.
Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Тәртіп сақшылары сегіз жасар баланы үйіне жеткізіп, ата-анасына тапсырды.