Now Reading
Әлеуметтік инфрақұрылым: Батыс Қазақстан облысында 180 нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Әлеуметтік инфрақұрылым: Батыс Қазақстан облысында 180 нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген

Әлеуметтік инфрақұрылым: Батыс Қазақстан облысында 180 нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген

Батыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар жандардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету аясында 203 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді.

 

Оның үстіне, олардың 180-і 2023 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толығымен бейімделген.

 

Хабарланғандай, Қазақстанда 2027 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлт жоспары, «Аманат» партиясының Жол картасы және Елбасының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы жүзеге асырылуда.

 

Жоба Интерактивті қол жетімділік картасының веб-сайтында тізімделген ел бойынша бейімдеуге арналған 35 мыңнан астам басымдықты нысандарды анықтады. 2021-2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 5 мың нысан бейімделуі тиіс (5 жылда 27 мың). Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 2021-2022 жылдарды есепке алғанда 12 169 нысан бейімделген.

 

Батыс Қазақстан облысында 5 жыл ішінде 1200 нысанды барлық санаттағы мүгедектігі бар жандарға бейімдеу жоспарлануда. Қазіргі таңда 2023 жылы бейімдеу жоспарланған 240 нысанның 203 нысанында жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген «постбақылау» тексерулері барысында жоғарыда аталған объектілердің ішінен 180 объектінің толық бейімделуі расталды.

 

Осылайша, облыста мүгедектігі бар жандардың барлық санаттары үшін қолжетімді:

 

* білім беру нысандары – 71 (орта мектеп);

* мәдениет объектілері – 43 (мәдениет үйлері, ауылдық клубтар);

* спорттық ғимараттар – 6 (спорт кешендері);

* денсаулық сақтау нысандары – 12 (аудандық/қалалық ауруханалар);

* мемлекеттік мекемелер – 38 (аудандық, ауылдық әкімдіктер мен бөлімдер);

* шағын және орта бизнес – 10 (дүкен және т.б.).

 

23 нысан жартылай бейімделген деп танылды, қосымша 37 нысан бейімделеді.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау аясында Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 46 тексеру жүргізілді. Оның ішінде: 15 жоспардан тыс және 31 профилактикалық бақылау аясында.

 

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нысандардың басшыларына 30 ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 603 мың теңгеге 4 әкімшілік айыппұл салынды.

 

Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде меншік иелеріне құқық бұзушылықтар бастапқы анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оны жою туралы ұйғарым ғана шығарылатынын атап өту қажет. Бұйрықты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда айыппұл салынады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×