Now Reading
Шымкентте аурудың 131 түрі бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Шымкентте аурудың 131 түрі бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі

Шымкентте аурудың 131 түрі бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі

Еліміздің үшінші мегаполисі тұрғындарын дәрі-дәрмекпен өтеусіз қамтамасыз ету Қазақстанда қолданыстағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асырылады.

 

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектерге де, 18 жасқа дейінгі балаларға да тегін дәрі-дәрмектің тізбесін айтарлықтай кеңейтті. Шымкентте 131 ауру түріне дәрі-дәрмек тегін беріледі. Жалпы, мегаполисте науқастарды осындай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 2,6 есеге артқан.

 

Тегін дәрі-дәрмек алу үшін науқас өзінің учаскелік дәрігеріне хабарласуы керек, ол науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда емхананың дәріханасынан дәрі-дәрмектерге рецепт жазады.

 

— Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрі-дәрмектер тегін беріледі. Өткен жылы Шымкентте стационарлық емдеу мекемелерінде 114 054 науқас қажетті ем қабылдаған. Оның ішінде 100 мыңға жуық адам міндетті медициналық сақтандыру есебінен емделді. Күндізгі стационарда 37 мыңға жуық науқасқа медициналық көмек көрсетілді. Оның 11 790-ы міндетті медициналық сақтандыру есебінен», — деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Сәбит Құралбек.

 

Шымкент тұрғындарының 78 пайызы міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек алады.

 

Мемлекет 15 жеңілдетілген санатқа енген азаматтар үшін міндетті медициналық сақтандыруға жарна төлейді. Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеуден босатылған халық саны 700 мыңнан астам адамды құрайды. Биылғы жылы ай сайынғы жарна 5852,63 теңгені құрайды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×