Now Reading
Қарттар үйінің ондаған тұрғындарының зейнетақысын ұрлаған әйел Ұлытауда бостандықта жүр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарттар үйінің ондаған тұрғындарының зейнетақысын ұрлаған әйел Ұлытауда бостандықта жүр

Қарттар үйінің ондаған тұрғындарының зейнетақысын ұрлаған әйел Ұлытауда бостандықта жүр

Қарттар үйінің ондаған тұрғындарының зейнетақысын ұрлаған әйел Ұлытауда бостандықта жүр

Мемлекеттік мекеме тұрғындарының зейнетақысын ұрлаған қарттар үйінің бұрынғы басшысы Ұлытау өңірінде бостандықта жүр.

 

«Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-нің бұрынғы директорын 3,5 жылға бас бостандығынан шектеуге үкім шығарылды», — деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.

 

29 еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін қарттардың (бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандардың) 32 млн теңге сомасына зейнетақы мен жәрдемақыны бірнеше рет жасырын ұрлау туралы істі Қаржы мониторингі агенттігі облыстық департаменті тергеп-тексерді.

 

«Сонымен қатар, ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік жағдайын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің жалған лауазымдарды біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн заңсыз есептеулер жүргізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің бұрынғы басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға келтірілген 44 миллионнан астам шығынды толығымен өтеп, сот үкімімен кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×