Емханада балаларға ауруын растайтын анықтамалар берілгені белгілі болды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова Ұлытау өңірінде құлдыққа түскен балалардың сабаққа келмей қалуына білім беру мекемелерінің неліктен жауап бермегенін түсіндірді. Оның айтуынша, асырап алынған балалар төрт ай бойы сабаққа кезек-кезек келмейтін.
«Бес жыл бойы қорғаншылық органдары жарты жылда бір рет бақылау жүргізгенін нақтылау өте маңызды. Қорғаншылық пен қамқоршылық 2023 жылдың қыркүйегінен бастап, әрбір бала қыркүйек айынан бастап бір апта сабақты өткізіп алған кезде назар аудара бастады. Яғни, қыркүйекте бір бала сабақтан бір апта қалады, содан кейін екінші бала бір апта бойы колледжге бармайды. Бұл ретте денсаулық сақтау басқармасы, атап айтқанда емхана бұл балалардың ауруын растайтын анықтамалар берді», — деп толықтырды Нәсімжан Оспанова.
Оспанова қорғаншылық және қамқоршылық органдары бұл отбасын қаңтар айында өткен аралау барысында анықтағанын атап өтті. Содан кейін Оқу-ағарту министрлігі барлық отбасыларға баруды бұйырды.
«Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып жатыр, сәйкесінше олар қорғаншылыққа, емхана, мектеп және колледж қызметкерлеріне қатысты үдерістерді зерттейтін болады. Әрине, бала асырап алушылар да жауапкершіліктен құтылмайды», — деп атап өтті комитет басшысы.
Сондай-ақ ол балаларға қарсы қылмысты көргендер қайда жүгіне алатынын айтты.
«Бүгін куә болған тыңдармандарға 111 санын есте сақтауды және кез келген жағдайды назардан тыс қалдырмауды тағы бір рет еске салғым келеді. Бұл көршілер, мұғалімдер, өтіп бара жатқандар, туыстар, достар, құрбылар. Балаларға қатысты әрбір жағдайды хабарлау өте маңызды», — деп түйіндеді сөзін Нәсімжан Оспанова.
Ақпанның 19-ы күні Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Ұлытау өңірінде шаруа қожалығында тәрбиеленушілерді пайдаланған әйелдің ұсталғанын хабарлады. Ақпан айының басында 2018 жылы балалар үйінен патронаттық отбасы алып кеткен үш бала анықталды. Зәкиеваның айтуынша, қамқоршы осы жылдар бойы балаларды қорлап, ұрып-соғып, азаптап, сонымен бірге оларға жәрдемақы алған.