БҚО-да үш мың ерекше бала кешенді оңалтуды қажет етеді
Батыс Қазақстан облысында ерекше қажеттіліктері бар үш мың бала кешенді оңалтуды қажет етеді. Бұрын ата-аналар оларды басқа қалаларға апаруға мәжбүр болған. Бірақ қазір облыс орталығында балаларды оңалту мүмкін болды.
Айнұр Ахметжанова 16 жыл бойы банкте жұмыс істеген. Ерекше баланың анасы болған ол өзін оның дамуына толықтай арнады. Оралдан бейімді дене шынықтыру бойынша мамандар таппағанына шағымданады. Оңалту үшін басқа қалаларға баруға тура келді. Жолдасыммен бірге жеке орталық ашамыз деп шештік. Әлеуметтік жоба мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асты.
Айнұр Ахметжанова, кәсіпкер:
«Кәсіпкерлікпен айналысып көрмеген адам ретінде маған қиын болды. Мен қай жолмен барарымды білмедім. Мамандар маған барлығын жақсы түсіндіріп, кәсіп ашуға мүмкіндігім бар екенін айтты. Орталықта «ерекше» балаларға арнайы дене жаттығулар арқылы ғана емес, әлеуметтенуіне де көмек көрсетіледі. Қазір мұнда 30 бала білім алуда. Аға нұсқаушы Айнұрдың күйеуі. Ол осы профиль бойынша шетелде арнайы дайындықтан өткен.
Айнұр Ахметжанова, кәсіпкер:
– Қазіргі уақытта біз жұмыс орындарын субсидиялауға өтінім бердік. Бізге 4 орын мақұлданды. Қазір мемлекет қаржыландырып, толық қуатта жұмыс істей алатындай мамандар іздеп жатырмын.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік осал санаттағы облыс тұрғындары өз ісін ашуға грант ала алады. Өткен жылдың өзінде БҚО-ның 400-ден астам тұрғыны қаржылық қолдауға ие болды.
Сағира Бимұхамбетова, Орал қаласындағы Мансап орталығы директорының орынбасары:
— Өтінімдерді Enbek.kz арқылы онлайн форматта беруге болады, олар алдымен Бастау Бизнес арнайы порталы арқылы кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. Осыдан кейін олар грантқа өтінім беріп, комиссиядан өтеді. Өз бизнес жобаларын қорғайды. Олар мақұлданса, осы салада жұмыс істейтін болады.
Ағымдағы жылы осы салада қаржылық қолдау көрсету жалғасады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа бюджеттен 650 млн теңге қарастырылған.