Now Reading
Шипажайда 50-ге жуық қарағандылық ардагер тегін емделеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Шипажайда 50-ге жуық қарағандылық ардагер тегін емделеді

Шипажайда 50-ге жуық қарағандылық ардагер тегін емделеді

Қарағанды облысында еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Балқаш көліндегі шипажайда он күн тегін демалып, денсаулықтарын жақсартады.

Топқа облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 80 жастан асқан 48 адам кірді. Облыс басшылығының бастамасымен осындай игі шара ұйымдастырылды.

«Приозерск қаласындағы Балқаш емдеу-сауықтыру кешеніне 48 ардагерді жіберіп жатырмыз. Автобус жүргізушісіне: «Хрусталь ыдым тиегендей жүріңіз», — деді. Бұл жерде 80 жастан асқан, 90 жастағы тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері бар. Осы сапарға әр қаладан, ауданнан ардагерлер ұйымдары арқылы бүкіл облыстан қариялар жиналған болатын. Әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсететін жалғызбасты адамдарға артықшылық берілді. Олардың арасында аз ғана зейнетақы алатындар да бар. Мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр, ұйымдастыру барысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығымен тұрақты байланыста болдық», — дейді Қарағанды облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин.

Оның айтуынша, ардагерлер жайлы бөлмелерде тұрады, ал шипажай оларға медициналық қызметтің толық курсын көрсетеді. Сонымен қатар олар бассейнге, саунаға, спорттық және жаттығу залдарына бара алады.

«Аға ұрпақ өкілдеріне құрмет танытқандарыңыз үшін, ардагерлерге қамқорлық көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Біз үлкен қуанышпен сапарға шығып барамыз. Бұл демалуға және жаңа күш-қуат алуға тамаша мүмкіндік», — деп Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылының 88 жастағы тыл еңбеккері Қанағат Жұмашұлы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Сарандық ардагер Айман Хайруллина сапарлар қалалық деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

«Біз Қарқаралыда, Бурабайда болдық. Бірақ бұл екі-үш күндік сапар болды және біздің үйірме – ардагерлер ұйымының мүшелерімен ғана өткізілген болатын. Бүкіл облыс бойынша ұйымдастырылмаған еді. Үшеуміз Саран қаласынан келе жатырмыз. Бізге бұл бастама ұнайды. Біз тек емдеу шараларына барып қана қоймаймыз, сонымен қатар сөйлесеміз, араласамыз: түрлі клубтар пайда болады деп ойлаймын, шығармашылық кештер ұйымдастырамыз», — деп атап өтті саяхатқа қатысушы.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×