8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы әлеуметтік төлем алады.
«Астана қаласы мәслихаты 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII, Халықаралық әйелдер күніне – 8 наурыз көпбалалы отбасыларға, астананың көпбалалы аналарына, оның ішінде аз қамтылғандарға әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Астанада мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, қаланы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қағидаларына сәйкес – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», — делінген хабарламада.
Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.