Now Reading
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті Inva.kz порталының оқырмандары, Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Бұл күндері Наурыз мейрамы көктемнің жылуымен бірге бізге қуаныш пен шаттық сыйлайды!

 

«Наурыз мейрамы» тарихы терең және әрқашан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігінің, ынтымағы мен достығының, жасампаздығы мен келісімінің белгісі болды.

 

Осы мерекемен ата-бабаларымыз өз жетістіктерін, табыстарын өлшеп, болашаққа жоспарларын анықтаған.

Наурыз мерекесі қарсаңында Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық пен бақыт тілейміз!

 

Наурыз мейрамы сіздерге және отбасыларыңызға тыныштық пен келісім әкелсін. Біздің елде татулық, бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, жылулық пен береке-бірлік орнасын.

 

Көктем өз жылуымен қуантып, Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, сәттілік, имандылық пен сенім әкелсін! Әр шаңыраққа, әр отбасына бейбітшілік пен келісім, денсаулық, бақыт пен береке тілейміз!

 

 

Құрметпен, Inva.kz ұжымы

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...