Now Reading
Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

 

Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» алаңында өткен салтанатты іс-шара барысында барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

 

Мемлекет басшысы өз сөзінде төл жаңа жылымыз Наурыз мейрамын ата дәстүрімізге сәйкес барша жұртымыздың бір ел, бір халық болып қарсы алуымызды атап өтті.

 

– Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді. Дана халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп айтқан. Жаңа жылды жақсы ниетпен, пайдалы іспен бастау – талайдан қалыптасқан дәстүр. Бұл күні қонақжай жұртымыз ақ дастарқан жайып, бір-біріне ақжарма тілектерін айтады. Бұлақтың көзін ашып, тал егеді, тазалыққа баса мән береді. Наурыз мерекесінде халқымыздың асыл қасиеттері мен құндылықтары түгел көрініс тапқан. Биыл Ұлыстың ұлы күні Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақ жеріндегі дін мен дәстүрдің үйлесімі дәл осы кезде айқын көрінеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Елбасы биылдан бастап Наурыз 10 күн тойланатынын, бұған сәйкес бүгін Ынтымақ күні тойланып жатқанын атап өтті.

 

– Бірлік пен ынтымақ – халқымыздың басты құндылықтарының бірі. Біз қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеуіміз керек. Бірлік пен ынтымақтастықтың мызғымастығы елдің тұрақты дамуының сенімді іргетасы екеніне сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×