Прокуратура «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты жұмысында заң бұзушылықтарды анықтады.
Әкімдік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әрі қарай басқарушы компанияға бере отырып, ақылы автотұрақ орындарын анықтағаны атап өтілді.
Сонымен қатар, мұндай тұрақтар мүгедектігі бар жандарға тіркелген көліктерді тегін орналастыруды қамтамасыз етеді.
Алайда, талдау көрсеткендей, аталған көліктің иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту техникалық құралдардың («Күзет-М») көмегімен автоматты түрде жүзеге асып, мүгедектігі бар жандарға берілген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігінен айырады. Айтпақшы, паркоматпен жабдықталған автотұрақ үшін төлем төлеуден жалтарсаңыз, 3 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған (ӘҚБтК-нің 597-бабының 4-1-бөлігі).
Нәтижесінде Нұра аудандық прокуратурасының қадағалау актілерімен аталған санаттағы 40 заңсыз әкімшілік материалдың күші жойылды.
«Елордада тұратын мүгедектігі бар адамдарға тіркелген автокөлік құралдарын орнату бойынша жұмыс жүргізілді. Халықтың арнаулы топтарының құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында Нұра ауданының прокуратурасымен бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға және I, II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тіркелген 4 636 көлік құралы «жеңілдіктер тізіліміне» енгізіле отырып белгіленді, — делінген хабарламада.
Осылайша, азаматтардың аталған санаттары тиісті жол белгілерімен немесе таңбаларымен белгіленген орындарда көлік тұрағы үшін ақы төлеуден, сондай-ақ оларға әкімшілік айыппұл салудан, оның ішінде автоматты түрде төлеуден босатылады.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдарының бірінші кезектегі міндеті болып табылады.