Now Reading
Атаулы әлеуметтік көмек
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атаулы әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмек

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 120-бабына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі — АӘК) отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, яғни отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% төмен болған кезде тағайындалады (2024 жылғы 2 тоқсанда кедейлік шегі – 37 195 теңге).

 

Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті шарты болып табылады.

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды:

 

1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

2) күндізгі оқу нысанындағы оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;

3) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан артық белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға;

4) үш жасқа дейінгі баланы күтуді жүзеге асыратын ата-аналардың біріне, мүгедектігі бар баланы күтуді жүзеге асыратын адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сексен жастан асқан, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарға беріледі. Үш жасқа дейінгі баланы, мүгедектігі бар баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, сексен жастан асқан, сырттан күтім мен көмекке мұқтаж қарттарды күтушіге отбасының бір ғана еңбекке қабілетті мүшесі жатқызылуы мүмкін;

5) тұрақты жұмысы бар адамдарға беріледі.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 181 бұйрығымен бекітілген АӘК-ке үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес өтініш берілген айдың алдындағы тоқсандағы кірістер (2023 жылғы қазан, қараша, желтоқсандағы кірістер) есепке алынады.

 

АӘК ағымдағы тоқсанға өтініш берген айдан бастап тағайындалады және Астана қаласының аудандық әкімдіктері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындылары негізінде ай сайын төленеді.

 

АӘК алдын ала есептеуді жүргізу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 123-кабинеті (талондар бойынша) мекенжайы бойынша жүгіну қажет.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×