Now Reading
Иппотерапия және халықаралық жарыстар: елордадағы «Арғымақ» кешенінің ерекшелегі неде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Иппотерапия және халықаралық жарыстар: елордадағы «Арғымақ» кешенінің ерекшелегі неде

Иппотерапия және халықаралық жарыстар: елордадағы «Арғымақ» кешенінің ерекшелегі неде

2022 жылдың қазан айында елордада халықаралық стандарттарға толықтай сай келетін «Арғымақ» ат спорты кешені ашылды. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Азамат Ағзамов кешеннің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 

«Арғымақ» кешені Астананың орталығынан 15-20 минуттық жерде орналасқан. Бұл орын өте ыңғайлы, жылқылардың тыныштығы үшін де маңызды. Оның қалаға жақын болуы да келушілерге ыңғайлы.

«Кешен аумағында үш ат қорасы бар, онда жылқы ұстауға қажет барлық жағдай жасалған.

 

«Арғымақ» кешенінің ерекшелігі – кез келген деңгейде ат спорты жарыстарын өткізуге мүмкіндік беретін спорт нысандарының болуы. Сондай-ақ, спорттық-сауықтыру шараларын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған иппотерапияны ұйымдастыру және өткізу бойынша кешеннің республикада теңдесі жоқ. Бір сөзбен айтқанда, «Арғымақ» – Қазақстандағы ең ірі көпсалалы ат спорты кешені», – деді Ағзамов.

 

Нысан емдеу-сауықтыру жұмысын (иппотерапия) жүргізуге арналған, сонымен қатар балалар мен ересектерге атқа мінуді үйретеді, спорттық, бұқаралық спорттық және ойын-сауық шараларын ұйымдастырады. Мұнда 20 жылқы бар, оның 10-ы сауықтыру шараларына белсене қатысады. Әр жылқы күніне екі сағат иппотерапиямен айналысады.

 

Айта кетейік, өткен жылы Астанада иппотерапиялық оңалту қолға алынған болатын. Пилоттық жобаның үш айында 72 бала емделді. Қазір мұнда 40-тан астам бала тұрақты келеді.

 

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту сабақтарын сейсенбі және бейсенбі күндері аккредиттелген ұйымдарда білім алған реабилитолог дәрігерлер, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар жүргізеді.

 

«Арғымақ» ат спорты кешенінің қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы платформа енгізілді.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...