Now Reading
Астанада Бірлік күніне орай қандай мәдени шаралар өтеді?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада Бірлік күніне орай қандай мәдени шаралар өтеді?

Астанада Бірлік күніне орай қандай мәдени шаралар өтеді?

Елордада 1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланып отыр. Олардың арасында түрлі челлендждер, концерттер, дөңгелек үстелдер бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

30 сәуірде Еуразиялық гуманитарлық колледжде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған тақырыптық кураторлық сағаттар, «Бар береке – бірлікте!» дөңгелек үстелі жоспарланған.

 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да, сондай-ақ бірнеше колледжде ҚХА мүшелерінің Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған оқу орындарындағы дәрістері өтеді.

«Железнодорожный» тұрғын алабында 30 сәуір күні мектеп оқушылары арасында «Татулық мекені» атты сурет байқауы өтеді.

 

Дәл осы күні №1 және №3 Балалар музыкалық мектебінде концерттік іс-шаралар жоспарланып отыр.

 

Бұл күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дөңгелек үстел, «Көптілділік қазақстандық білім беру үрдісі ретінде» блиц турнирі, сол сияқты «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алушыларға, ата-аналарға, қызметкерлерге арналған концерт өтеді.

 

Сол сияқты 30 сәуір күні «Үміт» дағдарыс орталығында, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында концерттер, ұлттық ойындардың фестивалін, сурет конкурсын өткізу жоспарланып отыр.

 

Ал 30 сәуір мен 1 мамыр күндері Жазушылар аллеясында әлемнің әртүрлі тілдеріндегі өлеңдерді мәнерлеп оқу іс-шарасы өтеді. Сол сияқты дәл осы аллеяда «Бір шаңырақ астында» асфальтқа сурет салу байқауы, «Кітап қала» кітапханасы негізінде «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі, Байқоңыр ауданының кішкентай тұрғындары арасында көңілді старттар өтеді.

 

30 сәуір күні Қазақ технология және бизнес университетінде дөңгелек үстел, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Достық керуені» театрландырылған-хореографиялық композициясы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Достығы жарасқан ел» атты студенттермен дөңгелек үстел өтеді.

 

Бұл күні Бөгенбай мен Жеңіс даңғылдарының қиылысындағы «Ақжайық» саябағында этномәдени бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен ағаш отырғызу шарасы өтеді.

 

1 мамырда қала бойынша «Бауырсақ біріктіреді» мерекелік шарасы (бауырсақ тарату) өтеді деп жоспарлануда.

 

Мерекеге орай Б.Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайында бірқатар шаралар өтеді.

 

Сондай-ақ, №42 орта мектепте «Татулық пен келісім тілейміз» (әр түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен) құттықтау челленджі ұйымдастырылады.

Бұл күні Қазақ ұлттық хореография академиясында «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтеді деп жоспарлануда.

 

Ә.Мәмбетов атындағы комедия-драма театрында «Ақан сері» спектаклінің премьерасы, «Жастар» сарайында «Сараймыздың балалары» концерті, «АЛЖИР» мемориалдық мұражай кешенінде «Ұлт бірлік ұлы байлық» көрмесі өтеді, С.Сейфуллин атындағы мұражайда «Бірлік дүние-береке» көрмесі, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Бірлік жарасқан Қазақстан!» көрмесі өтеді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×