Облыс орталығында «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар қатары артып келеді.
Бүгінде Таразда 1011 «Алтын алқа» алқасының иегері болса, 2051 әйел «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығының мәліметінше, барлығы 2010-2023 жылдар аралығында Тараз қаласында 2753 көп балалы ана алтын алқа, 2516 әйел күміс алқамен марапатталды.
Тараз қаласы әкімдігінде көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алтын-күміс алқаларын табыс ету рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 11 көп балалы ана «Алтын алқа» алқасымен, Тараз қаласының 44 көп балалы тұрғыны «Күміс алқа» алқасымен марапатталды, деп хабарлады ведомствода.
— Елімізде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап халық санының өсуіне ықпал ететін демографияны дамытуға көп көңіл бөлініп, бүгінгі таңда қазақстандықтардың саны 20 миллион адамға жетті. Тараз қаласының тұрғындарының саны да артып, бүгінде 430 мыңға жуық адамды құрап отыр. Елімізде ана мен баланы қорғауда қыруар істер атқарылуда», – деді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.
Хабарланғандай, осыдан 100 жыл бұрын қала тарихында ұмытылмас оқиға болды – Әулие-Ата қаласының (бұрынғы Тараз атауы) тұрғындары, әйелдердің паранжаларын шешуі, осы батыр әйелдердің аты-жөні сол уақыт мұрағат құжаттарында сақталған.
Бүгінде 11 аумақтық округке бөлінген Тараз қаласының тұрғындарының саны 429 мың адамды құрайды.