Шымкентте кезекте тұрғандар үшін берілген тұрғын үйді жалға берген тұлғалар анықталды
Пәтерде тұрып, өз шаршы метріне ақша жинаудың орнына, уақытша үй иелері оны жалға беруді шешті. Рейд барысында жалға берілген осындай 2 пәтер анықталды.
Тұрғын үй басқармасы бірінші рет жалға берілетін тұрғын үйдің уақытша иелері ескерту алатынын хабарлады.
«Оларға 1 ай мерзімге ескерту берілді. Жалға алушылар пәтерінің мақсатын орындамаса, алдағы уақытта оларды пәтерден шығару туралы сотқа талап-арыз беріледі», — деп түсіндірді Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы бөлімінің басшысы Жұлдыз Ордабекова.
Өткен жылы уақытша тұруға жалға берілетін тұрғын үй алған байғұс кәсіпкерлер пәтерлерді тұрғын үй басқармасына қайтаруға мәжбүр болды. Жыл басынан бері 23 адам жалдамалы баспанадан өз еркімен бас тартқан.