Now Reading
2024 жылдың 1 шілдесінен қандай препараттарға таңбалау жасалады?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2024 жылдың 1 шілдесінен қандай препараттарға таңбалау жасалады?

2024 жылдың 1 шілдесінен қандай препараттарға таңбалау жасалады?

2024 жылдың 1 шілдесінен қандай препараттарға таңбалау жасалады?

 

Сауда және интеграция министрлігі «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер дайындады.

Атап айтқанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті таңбалау тек 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап ветеринарияда қолданылатын дәрілер мен вакциналарды қоспағанда өндірілген, дәрілік өнімдерге (оның ішінде трансдермальды жүйе түріндегі дәрілік заттарға) немесе бөлшек саудада сатуға арналған өнімдерге немесе қаптамаға оралған дәрілік заттарға ғана қолданылатыны айтылды.

Бұған дейін сырттан әкелінетін дәрілер туралы сөз болған.

Қазақстан нарығындағы дәрі-дәрмектің 86 пайызы шетелден жеткізіледі. Бұл дәрілік заттар Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден бастап міндетті таңбалау енгізілгенге дейін фармацевтикалық зауыттардың өндірістік желілерінде шығарылуы мүмкін, бірақ республика аумағына 2024 жылғы 1 шілдеден кейін әкелінуі мүмкін.

«Осыған байланысты, 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін өндірілген дәрілік заттардың кедендік шекарада кешігу қаупін болдырмау үшін осы норманың редакциясын нақтылау қажет», — делінген негіздемеде.

Құжат 5 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық актілер» сайтында орналастырылған.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...