Now Reading
Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік қызметкерлері жетім балаларды баспана кезегінен заңсыз алып тастаған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік қызметкерлері жетім балаларды баспана кезегінен заңсыз алып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік қызметкерлері жетім балаларды баспана кезегінен заңсыз алып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады.

Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің қызметкерлері 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрған 43 баланы тізімнен негізсіз алып тастаған.

«Сонымен қатар Ақжар ауданы мен Петропавл қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдары үш ай бойы 6 жетім баланы баспана кезегіне қою шараларын қолданбаған», — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша аудандары мен Петропавл қаласында қорғаншылар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 126-бабын бұза отырып, қамқорлықтағыларды тәрбиелеу және күтіп ұстау бойынша есептерді жүйелі түрде ұсынбаған.

«Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев аудандарының қорғаншылық және қамқоршылық органдары кәмелетке толмағандардың пайдасына заңды өкілдерден алименттерді мәжбүрлеп өндіріп алуды қадағалау шараларын қолданбаған», — деп толықтырды департамент.

Тексеру нәтижесінде 8 лауазымды тұлға, оның ішінде екі білім басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, заң бұзушылықтар жойылды, деп хабарлады прокурорлар.

2022 жылы Петропавлда 49 жетім бала, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспана кезегінен түсіп қалған. Бұл жайт жергілікті деректер базасынан республикалық дерекқорға көшіру кезіндегі техникалық қатемен түсіндірілді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×