Now Reading
Алматыда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін 2000 пәтер берілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін 2000 пәтер берілді

Алматыда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін 2000 пәтер берілді

Алматының Наурызбай ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 124 адамға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары арасынан жалға берілетін пәтерлердің кілті табыс етілді.

Қала әкімдігі жалдамалы пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінгенін хабарлады. Салтанатты шараға Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева қатысты.

Әлеуметтік жағынан осал топтар санатындағы жандарды, атап айтқанда жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қала әкімдігінің ерекше назарында. Егер 2022 жылы Алматы қалалық коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер берілсе, 2023 жылы – 55 пәтер берілген.

2024 жылы әлеуметтік жағынан осал топтар санатына 2 мың жалдамалы пәтер беру жоспарлануда, оның 400-і жетім балаларға арналған. Бұл Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бастамасы, мұқтаж жандарға берілетін жалдамалы пәтерлердің 20 пайызы жетім балаларға беріледі. Бүгін «Шұғыла» ықшам ауданындағы Alem City-2 тұрғын үй кешенінде орналасқан үш үйден кезекте тұрған 124 адамға пәтер кілтін табыс еттік. 124 пәтердің 49-ы бір бөлмелі, 75-і екі бөлмелі – дейді қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Ғалымжан Әбдішүкірұлының айтуынша кілт табысталған тұрғындар пәтерді өмір бойы жалға алған ақшасын ай сайын өтеп тұруы керек. Наурызбай ауданында бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 10 мың теңгенің, екі бөлмелі пәтердің құны 15 мың, үш бөлмелі пәтердің құны 20 мың теңге шамасында. Сондай-ақ коммуналдық төлемдерді де уақытында төлеу қажет. Бағдарлама шарттарына сәйкес, азаматтарға пәтерді жалға беруге немесе оның ішкі сызбасын өзгертуге тыйым салынады.

Жаңа қоныстанғандардың қатарында бірнеше жылдан бері баспана кезегінде тұрған зейнеткер Үміт Құрманалиева да бар.

— Қала әкімі Ерболат Досаевқа үлкен алғысымды білдіремін. Бұл күн мен үшін нағыз мерекеге айналды. Мен көп жылдар бойы кезекте тұрдым, бірақ үмітімді үзбедім – дейді зейнеткер.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×