Now Reading
2023 жылы Абай ауданында 175 нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2023 жылы Абай ауданында 175 нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген

2023 жылы Абай ауданында 175 нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген

2023 жылы Абай ауданында мүгедектігі бар адамдарға 175 нысан бейімделді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

 

«Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қолжетімді орта жасау мақсатында 2023 жылы Абай ауданында 175 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толығымен бейімделді», — делінген сейсенбі күні тараған хабарламада.

 

Мәлім болғандай, Абай ауданында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар 175 учаскеде барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарды бейімдеу жұмыстарын жүргізді:

 

— білім беру нысандары – 78 (мектептер, балабақшалар);

— денсаулық сақтау нысандары – 16 (аудандық/қалалық ауруханалар, фельдшерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар);

— мемлекеттік мекеме – 16 (қалалық, аудандық, ауылдық әкімдіктер мен бөлімдер);

— мәдениет объектілері – 20 (мәдениет үйлері, театрлар және т.б.);

— спорт нысандары – 8 (спорт залдары, спорт сарайлары және т.б.);

— әлеуметтік қорғау объектілері – 7;

— қызмет көрсету нысандары-30 (дүкендер, дәріханалар және т.б.).

 

«2023 жылы облысымызда мүгедектігі бар жандарға бейімделген нысандардың саны айтарлықтай өсті. Олардың қатарында білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері, халыққа қызмет көрсететін ұйымдар бар. Егер бұрын біз тек пандусты сыртқа орнату туралы айтатын болсақ, қазір ғимараттар ресми емес, ережелерге сәйкес ішке бейімделеді. Айналасы ретке келтіріліп, мүгедектігі бар жандарды тасымалдайтын көліктерге арналған тұрақтар жасалуда. Меншік иелері қолжетімді ортаны құруға жауапкершілікпен қарай бастады. Тәсілдердегі мұндай өзгерістер өте қуанышты. Жұрт кез келген адамның қимыл-қозғалысы шектелген адам санатына жатқызылуы мүмкін екенін түсінеді, мысалы, аяғы сынған адамның да қимыл-қозғалысы шектеледі», — дейді «Тірек-Опора» мүгедектігі бар жандар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Никита Винокуров.

 

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және т.б салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 51 тексеру жүргізгені атап өтілді. 23 – жоспардан тыс тексерулер, 28 – профилактикалық бақылау шеңберінде.

 

«Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 44 ұйғарым шығарылып, 3,6 миллион теңге сомасында 12 әкімшілік айыппұл салынды», — делінген хабарламада.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×